ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ
ТӘҢІР ЧАЙТАНЙА
Кришнаның соңғы аватарасы: Чаитанья Махапрабһу

Өмірі және тәлімі. Тәңір Шри Чаитанйа Махапрабһу – Кришнаның өзі. Ол шәкіртінің шамасы жетпей жатса, қолына қарындаш алып: «Былайша жаз: А, В, С» деп жазатын ұстаз сияқты. Дегенмен, бұл ұстаздың өзі де әліппені үйренуде дегенді білдірмейді.


А.Ч. Бһактиведанта Свами Прабһупада, Шри Чайтанйаның ілімі. Кіріспе»

Бһагавад-гитада Тәңір Шри Кришна Құдайдың Абсолютті Тұлғасы деп аталады және Оның трансцендентті даналық туралы осы ұлы кітабындағы соңғы нұсқауы бойынша барлық діни әрекеттерден бас тартып, Оны (Тәңір Шри Кришнаны) табынудың жалғыз нысаны ретінде қабылдау болып табылады. Тәңір Шри Кришнаның тікелей бұйыруына және БҺагавад-гита іліміне қарамастан, өкінішке орай, оның нұсқауларын аздаған адамдар ғана қабылдады. Сондықтан, осы дәуірде Ол адамдарға Өзінің асқақ ілімін беру үшін және оны Өзінің үлгісімен көрсету үшін Шри Кришна Чаитанйа ретінде келді. Тәңір Чаитанйаның тартымдылығын сезіну бақытына ие болған адам өмірде табысқа жетіп, тағдырының мақсатын орындайтыны сөзсіз.

Шри Чаитанйа Махапрабһудың келуі туралы болжамдар
Веда жазбалары Шри Чаитаньяның келуі мен іс-әрекетін болжап, оны Құдай Тағала Шри Кришнаның аватарасы деп жариялады.

Кришна – Құдай Тағала. Неліктен? Өйткені Ол Жаратушы Иеміздің сипаттамасына дәл сәйкес келеді. Басқаша айтқанда,
Кришна – Жаратушы Иеміз, өйткені Ол
Барлығына тартымды.
«Брахма мінәжатпен былай деді: «Мен саған бір құпия-сыр АЙТАМЫН! Голока-дһама деп аталатын Навадвипадағы Джахнави (Ганга) жағасында, ұлы Говинда, материалдық табиғаттың үш гунасынан жоғары тұратын трансцендентті, , екі қолды, ең ұлы мистик, бейнесі мәңгілік Гаура түрінде бүкіл әлемге бһактиді таратады.

«Ол бір Тәңір, Құдай Тағала, Оның трансцендентті денесі алтын түсті, алдыңғы ғасырларда қызыл, қара және ақ денелерде келген. Шри Чайтанья ретіндегі Өзінің бастапқы бейнесінде Ол шын мәнінде өмірлік күш, бһактидің көрінісі, Құдай және бһакти білгірі».
Ол Хари, Кришна және Рама есімдерінен тұратын Харе Кришна маха-мантрасын әндетеді.
«Кімде-кім Шри Чайтаньяны құрмет тұтса, Оған ғибадат етсе және Оны еске алса, барлық күнәлардан арылады. Тазарып, Абсолютті Ақиқатты танып, азаптың шырмауынан шығады. Ал мұндай кемелдікке жетудің басқа жолы жоқ».

«Ашық түсті, бірақ іштей қара түсті Мен (Кришна) Шачидевидің құрсағынан туамын. Мен серіктерім, қызметшілерім және қаруларыммен бірге қарапайым адамның рөлін сомдаймын».
Тәңір Чаитанья тамаша ойындарын паш ету арқылы Өзінің Құдай Тағала екенін дәлелдеді. Оның келетіні жайында Киелі Жазбаларда алдын ала айтылған болатын. Олар Жаратқан Ие Өзінің серіктерімен бірге юга-дһарманы - Құдайдың киелі есімдерін әндетуді (осы Кали дәуіріндегі әрбір адамның міндетін) орнату үшін ғибадаткер ретінде келетіні айтылған. Тәңір Чайтанья Өзінен кейін тек сегіз шумақ өлең - "Шикшаштаканы" ғана қалдырды. Онда Ол Өзінің мақсаты мен өсиеттерінің мәнін ашады.

Господь Чайтанья проявил удивительные игры, доказав этим, что Он – Верховная Личность Бога. Его приход был предсказан в богооткровенных писаниях. В них утверждается, что Господь, сопровождаемый Своими спутниками, явится в этот мир как преданный, чтобы установить юга-дхарму (обязанность каждого человека в этот век Кали) – воспевание святых имен Бога. Господь Чайтанья оставил после Себя всего восемь стихов – «Шикшаштаку», в них Он раскрывает суть Своей миссии и наставлений.
ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ
ШРИ ШИКШАШТАКА
1

чето-дарпана-марджанам бхава-маха-давагни-нирвапанам

шрейах-каирава-чандрика-витаранам видйа-вадху-дживанам

анандамбудхи-вардханам прати-падам пурнамртасваданам

сарватма-снапанам парам виджайате шри-криша-санкиртанам

Жүректі жылдар бойы жинақталған кірден тазартып, тәуелді өмірде қайталанатын туу мен өлімнің отын сөндіретін Шри Кришна санкиртанаға даңқ болсын. Санкиртана қозғалысы Айдың ізгі шашқан нұрындай адамзатқа ең үлкен игілік әкеледі. Бұл барлық трансцендентті білімнің жаны. Ол трансцендентті бақыт мұхитын тереңдетіп, әрқашан біз аңсайтын балшырындардан ләззат алуға мүмкіндік береді.

2

намнам акари бахудха ниджа-сарва-шактис

татрарпита нийамитах смаране на калах

этадрши тава крпа бхагаван мамапи

дурдаивам идршам ихаджани нанурагах

Уа, Құдайым, Сенің киелі есімің ғана барлық тірі жандарды жарылқауы мүмкін, сондықтан Сенің Кришна мен Говинда сияқты жүздеген және миллиондаған есімдерің бар. Осы трансцендентті есімдерге Сен Өзіңінің барлық трансцендентті қуатыңды салдың және бұл есімдерді қайталаудың қатаң ережелері де жоқ. Уа, Құдайым, аса мейіріміңділігіңнің арқасында киелі есімдеріңді әндету арқылы Өзіңе оңай жетуге мүмкіндік бердің, бірақ менің бағым жанбағаны соншалық, оларға деген ықылас сезінбеймін.

3

трнад апи суничена

тарор апи сахишнуна

аманина манадена

киртанийах сада харих

Тәңірдің киелі есімдерін өзіңді көшеде жатқан сабаннан төмен санап, кішіпейіл көңілмен қайталау керек. Ағаштан да төзімді болып, жалған бедел сезімінен толығымен арылып, басқаларға құрмет көрсетуге әрқашан дайын болу керек. Осындай көңіл күйде ғана адам Жаратқан Иенің киелі есімін үздіксіз әндете алады.

4
на дханам на джанам на сундарим
кавитам ва джагад-йша камайе
мама джанмани джанманишваре
бхаватад бхактир ахаитуки твайи

Уа, құдіретті Құдайым, мен байлық жинағым келмейді, әдемі әйелдер мен ізбасарларды қаламаймын. Мен тек бір нәрсені қалаймын - әр туылып отырған өмірімде ешнәрсе күтпестен Саған беріле қызмет ету.
5

айи нанда-тануджа кинкарам

патитам мам вишаме бхавамбудхау

крпайа тава пада-панкаджа-

стхита-дхули-садршам вичинтайа

Уа, Махараджа Нанданың ұлы (Кришна), мен Сенің мәңгілік қызметшіңмін, бірақ мен туу мен өлім мұхитына баттым. Өтінемін, мені осы өлім мұхитынан шығарып алып, Өзіңнің лотос сынды табандарыңның тозаңы ете гөр

6
найанам галад-ашру-дхарайа
ваданам гадгада-руддхайа гира
пулакаир ничитам вапух када
тава нама-грахане бхавишйати
Уа, Құдайым, Сенің Киелі есіміңді әндетуден көздерімді қашан ғана толассыз аққан махаббат жасы сәндер екен? Қашан Сенің есіміңді қайталағаннан даусым дірілдеп, денемдегі түктерім тік тұрар екен?
7

йугайитам нимешена

чакшуша правршайитам

шунйайитам джагат сарвам

говинда-вирахена ме

Уа, Говинда! Сенсіз өткен әрбір сәт маған мәңгіліктей көрінеді. Көзімнен жас парлап ағуда, Сенсіз маған

дүние бос.

8
ашлишйа ва пада-ратам пинашту мам
адаршанан марма-хатам кароту ва
йатха татха ва видадхату лампато
мат-прана-натхас ту са эва напарах
Мен үшін Кришнадан басқа Тәңір жоқ және Ол мені дөрекі түрде құшақтап алса да, көз алдымда көрінбестен жүрегімді жараласа да, мәңгілікке солай болып қала береді. Ол өз қалауынша әрекет ете алады, сонда да мәңгілікке және ешнәрсеге қарамастан, Ол менің табынатын Құдайым болып қала бермек.