KRISHNA
Кришна Санасына қош келдіңіз, қадірлі дос!
LORD
Адамдар Құдайдың әртүрлі қасиеттеріне қызыға тартылады.
Біреу құдіретіне, біреу сұлулыққа, мейірімділікке, күшке, байлыққа тартылады. Демек, Құдай барлығын және әрқайсысын өзіне тартады. Ол- барлығын қызықтырушы.Егер санскрит тіліне аударсақ, біз Кришна Есімін аламыз (Барлығын қызықтырушы).

(Санскрит- Арий өркениетінің ежелгі тілі. Санскрит сөзінің өзі
"өңделген мінсіз" дегенді білдіреді).


ҚҰДАЙДЫҢ ЖОҒАРҒЫ ТҮП ТҰЛҒАСЫ – КРИШНА
Кришна – Құдай, Жоғарғы тұлға,
Кришна барлық себептердің себебі,
материя мен рухтың әміршісі, барлық эмоциялардың, уайым мен сезімдердің қайнар көзі, барлық тіршілік иелері үшін құрмет пен сүйіспеншіліктің ең жоғарғы нысаны.

Кришна айтады: "Мен көзге көрінбейтін бейнеммен бүкіл жаһанды қамтимын.Бүкіл болмыс Менің бойымда, бірақ мен оларда емеспін. Сонда да жаратылғанның бәрі Менде емес. Менің тылсым құдіретімді көргін! Мен барлық тірі жанды демеп тұрушы және барлығына таралған болсам да, Мен бұл ғарыштық көріністің бөлігі емеспін, өйткені жаратылыстың көзі- Өзіммен.

"Бхагавад-Гита" дегеніміз не?
"Бхагавад- Гита" (Құдайдың әні)- 5000 жылдан астам уақыт бұрын Курукшетра соғыс алаңында Кришнаның Өзі досы Арджунаға тікелей баяндаған әлемдегі жалғыз Тәңіри білім. Олардың әңгімесі адамзат тарихындағы ұлы философиялық және діни диалогтардың бірі болып табылады, ол ұлы бауырластық соғыстағы алғашқы шайқас басталғанға дейін болды.

Тәңір Шри Кришна
Жан еш уақытта тумайды, өлмейді.Ол пайда болған жоқ, қазір де, болашақта да пайда болмайды.Ол тумаған, мәңгілік, әуел бастан үздіксіз тіршілік етуші.
Дене өлгенде жан өлмейді.
Бхагавад-Гита қаз қалпында
ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ

1
Тәңір Кришнаның келуі
Тәңір Кришна бұл әлемге Өзінің ғибадаткерлері үшін ғана келеді.Ол Өзі "Бхагавад-Гитада айтады: "Дін құлдырап, дінсіздік етек жайған кездерде материалдық дүниеге келіп отырамын, уа Бһаратаның ұрпағы. Құдайшылдарды құтқарып, зұлым дінсіздерді жою үшін, сондай-ақ дін негіздерін қалпына келтіру үшін әр замандарда келіп отырамын".
ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ

Кришна

Кришнаның ғибадаткері
Брахма айтты:
"Ол- күнәні жеңетін, сезімдерді басқаратын, достары мен сиырларына қамқорлық жасаушы ретінде танымал, Жерді қолдайтын, Ведалардың мәні және сүйіктілерінің өмірі, сондай-ақ Ол барлық қуаттарды басқарушы ретінде де танымал. Ол- Ең Жоғарғы Рух, Абсолютті Шындық. Ол туралы сүйіспеншілікпен ойлайтындар және Оған ғибадат етушілер өлместікке жетеді, ол тек осылай болады".

2
Кришнаның ғибадаткерлері
Кришна "Құдай" дегенді білдіреді. Біз бәріміз Онымен тығыз байланыстымыз, өйткені Ол біздің- бастапқы әкеміз. Бірақ, біз бұл қарым-қатынасымызды ұмыттық.
Егерде біз: " Құдаймен қарым-қатынасым қандай? Өмірдің мақсаты қандай?",-деп ойланатын болсақ, бізді Кришна санасы деп атайды.
(Шрила Прабхупада-Кришна Санасы Қоғамының Негізін Қалаушы)

ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ
Жан туралы білім
Кришнаның санасы әркімнің жүрегінде бар. Бірақ біз материалдық өмір сүріп жатқандықтан, біз оны ұмытып кеттік. Маха-мантраны қайталау үдерісі – Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна Кришна, Харе Харе / Харе Рама, Харе Рама, Рама Рама, Харе Харе – жүрегімізде бар Кришна санасын қайтадан жандандырады.
(Шрила Прабхупада)
Таңдау еркіндігі
Кришна – бұл Жеке Тұлға, сонымен қатар Ол, Өзінен тек бірдеңе алу үшін емес, Оған шын жүрекпен қызығушылық танытып, Жеке Тұлға ретінде қарауды, барлығы өзара болғанын қалайды. Біз Оны мәжбүрлеу арқылы емес, сөзсіз және өз еркімізбен сүйіспеншілік білдіру үшін, Ол бізге таңдау еркіндігін береді. Онымен бірге болу, бұл біздің шынайы тілегіміз болып қалуын, Ол өте қалайды. Материалдық игіліктер алу үшін бе, әлде Оған тек сүйіспеншілікпен ғибадат етеміз бе- бұл біздің еркіміз.
Киелі Есім
Киелі есімнің табиғаты-бұл оның Кришнаның Өзінен айырмасы жоқ екендігінде болып саналады. Сондай-ақ, киелі есімге жүгінуге ешқандай шектеулер жоқ. Харе Кришна Маха мантрасын қайталау-Құдайға деген сүйіспеншілігімізді оятудың ең құдіретті әдісі. Маха - "ұлы ән", манас – "ақыл", трая – "тазарту". Яғни, ол ақыл-ойды тазартады. "Уа, барлығын Өзіне тартушы Тәңір, Уа, барлығына куаныш сыйлаушы Тәңір, Уа, Тәңірдің қуаты! Сендерге ғибадатпен қызмет етуімді өтінемін".
Еркіндік қағидалары
Осы қағидаларға сүйене отырып, біз өркениетті адам деңгейіне жетеміз, өміріміз жақсарады, күшке толы және мағыналы болады.
4 реттеуші қағидалар
Шрила Прабһупада реттеуші қағидаларды шектеулер ретінде берді. Солай болып көрінгенмен, шын мәнінде олар нағыз еркіндік беруші қағидалар, яғни адамды артық үйірсектіктен босатады. Сондықтан оларды «еркіндік қағидалары» деп те атайды. Олар мыналар:
1
ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
Бұл қағидаға ет, балық және жұмыртқа өнімдерін тағам ретінде қабылдамау жатады.
2
МАСАЙТҚЫШ ЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАМАУ
Ішімдік, есірткі және құрамында кофеині бар тағамдардан бас тарту.
3
ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫН ОЙНАМАУ
Бұған қанағатыз құмарлықты үдететін шаралар және тиісті талпыныс жасамастан оңай пайдаға кенелуді көздеу, сондай-ақ алдаудың кез келген түрі жатады.
4
ЗАҢСЫЗ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА БАРМАУ
Бұл жыныстық қатынастың тек некеде ғана рұқсат етілуіне байланысты қағида. Ең дұрысы, ерлі-зайыптылар дүниеге тек иманды бала әкелу үшін ғана жыныстық қатынас жасаумен шектелу керек.
Құдіретпен [Кришна санасымен] байланыс орнатпаған адам трансцендентті зердеге де, тұрақты ақыл-ойға да ие бола алмайды, онсыз адам тыныштыққа бөленуі мүмкін емес. Ал тыныштықсыз бақытты болу мүмкін бе?
Бһагавад-гита қаз-қалпында, 2-66
ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ

3

ШРИЛА ПРАБХУПАДА

Тәңір Кришна Өзінің ғибадаткерлерін жерге жібереді.
Егер Батыстағы адам «Харе Кришна» деген сөздерді естіген болса, бұл оның Шрила Прабһупадамен немесе оның ізбасарларымен қандай да бір жол арқылы байланысқа түскенін білдіретінін бәріміз білеміз. Шрила Прабһупаданың арқасында «Харе Кришна» деген сөздер бәріне белгілі болды.
Шрила Прабһупада ілімі
Шрила Прабһупада өз жеке философиясын ойлап тапқан жоқ. Ол өзінің ұстазы Бһактисиддһанта Сарасвати Тһакурадан шәкірттік тізбек арқылы алғанын ғана үйретті.

Парампара

Бақытты ғибадаткерлер
Шрила Прабһупада: «Харе Кришнаны әндет те, бақытты бол» деген. Бұл сутралардың бірі еді. Прабһупада бір христиан діни қызметкерімен сөйлескенде, ол: «Сіз менің ғибадаткерлерімді тани аласыз, өйткені олардың жүздері бақыт нұрымен жарқырап тұрады!» деген болатын.
Бһакти-йога
Шрила Прабһупада Батысқа Бһакти Йога ілімін әкелді - бұл өмірдің ең жоғарғы кемелдігіне жетуге және шынайы бақытты болуға көмектесетін рухани тәжірибе.

Жазбаларда ең жоғарғы кемелдік Құдаймен қарым-қатынасымызды жаңғырту деп айтылады. Сонда бізде Оған деген шынайы сүйіспеншілік оянады және осы сүйіспеншіліктен біз Оған қызмет ете бастаймыз. Бірақ қызмет ету - бұл құлдық емес, ол басқаның бақытты етумен өмір сүруге ұмтылу. Бұл өте қуанышты үдеріс.
ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ

4

АВАТАРА

Аватара — Құдай Тағаланың белгілі бір миссиясы бар нысандарының бірінде материалдық әлемге түсуі (БГ 4.8 Ком; ТЧТ 111 б., ШБ 1.16.30). Бірақ, материалдық әлемге келгеннің өзінде де, Құдай рухани денесінде болады (БГ 4.6, ШБ 1.15.35).


ТӘҢІР ЧАЙТАНЙА
Кришнаның соңғы аватарасы: Чаитанья Махапрабһу
Тәңір, Құдайдың Түптұлғасы, 500 жыл бұрын жер бетіне Шри Чаитанья Махапрабһу, алтын аватар Гауранга ретінде келді.
Тәңір Чайтанйаның келуі
Ведалық жазбаларда Шри Чайтанйаның келуі және қызметі жайлы, Оны Құдайдың Түп Тұлғасы Шри Кришнаның аватарасы екені жазылып қойған.
Брахма айтты: "Мен саған құпияны ашамын! Голока-дхама деп аталатын Навадвипадағы Джахнави (Ганга) жағасында Ұлы, материалдық табиғаттың үш модусына трансцендентті Говинда, Өзінің мәңгілік, ең ұлы мистик, екі қолды Гаура кейпінде бхактиді бүкіл әлемге жария етеді.
Алтын Аватара
Чайтанья-упанишад из «Атхарва-веды»
"Бұл Құдай Тағала, денесі трансцендентті алтын түсті Құдайдың Түп Тұлғасы бұрынғы ғасырларда қызыл, қара және ақ денелерде келген. Шри Чайтанйа ретінде Өзінің бастапқы кейпінде Ол шын мәнінде өмірлік күш, бхактиді бейнелеуші, Құдай, бхактидің білгірі болып саналады.
Ол Хари, Кришна, Рама есімдерінен тұратын Харе Кришна маха-мантрасын әндетеді.
Кімде кім, Шри Чайтанйаны құрметтейтін, Оған ғибадат ететін болса және әрқашан жадында ұстап жүрсе- онда ол барлық күнәлардан арылады.Ол тазарады, Абсолютті Хақты таниды және барлық қасірет бұғауынан босайды
Мұндай кемелдікке жетудің басқа жолы жоқ.

Ақшыл түсті, іші қара(Кришна), Мен Шачидеви құрсағынан туыламын. Өзімнің серіктеріммен, құлдарыммен және қаруларыммен бірге, Мен қарапайым адам кейпін ойнаймын."
Құдайдың 5 тұрғысы
Адам үшін Абсолютті Хаққа қатысты сұрақтар қою өте маңызды. "Бхагавад-гитада"(4.9) Тәңір Кришна былай деді: "Менің келуім мен іс-әрекеттерімнің трансцендентті сипатын ұғынған жан бұл материалдық әлемде қайта тумайды, денесін тастаған соң, Менің мәңгілік мекеніме жетеді, уа, Арджуна".
Панчататтва
Жоғарғы Құдай панчататтва деп аталатын Өзінің серіктерімен бірге келді. Панча- бес, таттва- ақиқат, яғни бұл бес тұрғыдағы Құдай. Біз панчататтваның Тәңіри құбылысы және келу мақсаты жайында қысқаша талқылап беруге тырысамыз.

Ежелгі ведалық жазба" Шримад-Бхагаватамда " Шукадева Госвами ешқашан Тәңір Кришнаның мәңгілік серігі-Шримати Радхаранидің есімін айтқан емес, өйткені Шри Радханың орны соншалықты биік және ең қымбат болғандықтан, Шукадева Госвами өзін Ол туралы ештеңе айтуға лайық емеспін деп санады.
Радхаранидің рақымынсыз Кришнаға келу мүмкін емес. Ол- адал ғибадат ету ұстанымының бейнесі. Ол Тәңірдің ішкі ләззат қуаты болып табылады.

Сонымен, Тәңір Чайтанья Құдайдың адал ғибадаткер ретінде келді. Ол Кришнаның- Өзі, бірақ Шримати Радхаранидің көңіл-күйінде болды(бхакти-рупа). Оның келуінің бірнеше сыртқы себептері бар. Біріншісі-осы ғасырда рухани жетілу үшін ұсынылған Тәңірдің киелі есімдерін қайталау және мадақтау әдісін беру. Екіншісі- Өзі үлгі бола отырып, Құдайға деген адалдық жолымен қалай жүру керектігін және Құдаймен қарым-қатынасты қалай дамыту керектігін көрсету. Алғашқы екеуі онсыз орындалмайтын үшінші себебі Тәңір өзінің адал ғибадаткерінің мінәжатына жауап берді.
Санкиртана йагиа
"Шри Чайтанйа- чаритамрита" кітабында былай делінген:" Кали дәуірінде парасатты адамдар жиналып, Құдайды мадақтайды және Кришнаның атын үздіксіз шырқайтын Оның аватарына табынады. Оның денесінің түсі қара болмаса да, Ол -Кришнаның Өзі. Онымен бірге әрқашан оның жеке серіктері, қызметшілері және Өзіне жақын адамдары болады".
ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ

5
ҒИБАДАТХАНА (ХРАМ) ЖӘНЕ ФЕРМА

Шри Вриндаван

дхам

Бұл ведалық ғибадатхана, оған іргелес көл, алма бағы және гүл бақшасы, пандал бар(жиналыстарға, концерттерге және мерекелік бағдарламаларға арналған жабық жазғы алаң).
Алматыдағы Киелі Дхама
Таулар мен көлге қарайтын әдемі пейзаждар.
Әр қадамың экзотика, эзотерика және эстетика!
Зерттелмеген және жарқын эмоциялар әлемін ашыңыз!

Орналасқан жері:

GPS координаттары: 43°21'12.3" N 76°42 '04.7"E

Нақты карта: https://goo.gl/maps/u3wvTQrobaQ2

Ғибадатхананы күтіп ұстауға арналған қайырымдылық


"Шри Вриндаван Дхам" фермасында

"Алматы қаласының Кришна санасының қоғамы"

Алушының шот нөмірі: KZ876017131000053611

БСН: 940240001505

Кбе 8

КНП 119

Қош келдіңіздер!

ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ
МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ

VRINDAVAN PARK

Vrindavan park Іле Алатауының көркем бөктерінде, Алматы маңында орналасқан. Таза ауа, таулардың әдемі көрінісі және көлеңкелі жолдары мен субұрқақтары бар әдемі саябақ осы жайлы жерде болғаныңызды ұмытылмастай етеді
Сарасвати Холлдың орталық залында тұрақты рухани бағдарламалар өтеді. Вайшнавтық мерекелері, концерттер, спектакльдер, тікелей эфирдегі дәрістер және үлкен экрандағы бейне презентациялар болады.
Орындалған арман
Армандары соншалықты батыл және асқақ, дүние жүзіндегі мыңдаған адамдардың жүрегін жарықтандыратын тұлғалар бар. Соншалықты алыс және өте қиын тоқсаныншы жылдар, Александр Геннадиевич Хакимов (Чайтанья Чандра Чаран Прабху), егер ол осындай мүмкіндікке ие болса, шындықты іздейтін шынайы адамдар үшін не істей алатындығы туралы терең ойлана бастады. Оның жоғарыда сипатталған заң бойынша медитациясы жыл сайын барған сайын айқын бола бастады.

Александр Геннадиевич ғалымдар, мәдени қайраткерлер немесе жай ғана үйлесімді дамыған тұлғалар өсе алатын болашақ ұрпақ үшін орын құру идеясынан шабыт алады.
Саябақтың басты көрікті жерлерінің бірі - Өнер Орталығы"Сарасвати Холл". Барлық заманауи талаптар мен қауіпсіздік нормаларына сай, театр сахнасы бар 250 орындық абаттандырылған орталық ең елестетілмейтін және батыл шоу-қойылымдарды өмірге әкелуге мүмкіндік береді.
Біздің саябақта бірнеше күн болғысы келетін қонақтар үшін вегетариандық тағамдардан дәм татуға болатын мейрамханасы бар жайлы қонақүйде бөлмелер ұсынылады.
Вриндаван паркі біздің ұстаздарымыздың және әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғибадаткерлердің батасы арқылы шындыққа айналады: Оның Тәңіри Рақымы А.Ч. Бхактиведанта Свами Прабхупада, Оның Әулиесі Джаяпатаки Свами Махараджа, Оның Рақымы Чайтанья Чандра Чарана Прабху.
Тамақтандыр.KZ және VRINDAVAN PARK
Сіздердің назарларыңызға дәмді, қайырымдылық жобасын ұсынамыз!
Бұл, ең алдымен, тамақ арқылы біздің қоғамға жақсылық пен жарық әкелуге тырысатын адамдар қауымдастығы.
Біз дайындайтын тағам дәмді және пайдалы ғана емес, сонымен қатар махаббат пен қамқорлыққа толы.
ДӘМДІ ЖОБА
2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар осы жобаны құруға түрткі болды. Сондай-ақ, бұл бізге көптеген адамдардың қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж екенін көруге мүмкіндік берді. Сондықтан біз осы күнге дейін тамақ дайындауды және тамақтандыруды жалғастырудамыз.
Әр сенбі сайын команда " тамақтандырыңыз.KZ "Vrindavan Park" - те тамақ дайындайды және орташа есеппен 150 түскі ас таратады. Қазіргі уақытта біз түскі ас тарататын 4 орын бар.
Аз қамтылған және көп балалы екі ауыл, психоневрологиялық баспана және балалар үйі.
Жобаның мақсаты-мұқтаж жандарды мүмкіндігінше қамту және тамақтандыру.
Жобаның қызметін сіз біздің Instagram және жеделхат арнамызда бақылай аласыз.

https://instagram.com/nakormi_kz?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://t.me/nakormi_kz

Орналасқан жері:

Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылы

Нақты карта: 43.297362901652086, 77.196100439274


Қош келдіңіздер!


"Вриндаван паркі" жобасын дамытуға қайырымдылық

телефон нөмірі бойынша Каспий немесе Халық есеп шотына аударуға болады

+ 7 701 221 3218 Игорь Х. "Вриндаван паркі" белгісімен

ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ
Біз туралы қызықты нәрселер
Барлық ғибадаткерлер талантты. Біреу өлең жазады, екіншілері музыка шығарады және қойылымдарға пьеса жасайды, үшіншілері прасад дайындайды. Бұның бәрі Кришна санасындағы өмір мен шығармашылыққа жатады.

БҰЛ НЕ...
ХАРЕ КРИШНА ХАРЕ КРИШНА КРИШНА КРИШНА ХАРЕ ХАРЕ ХАРЕ РАМА ХАРЕ РАМА РАМА РАМА ХАРЕ ХАРЕ