БІЗДІҢ МЕРЕКЕЛЕР
Халықаралық Кришна санасы қоғамының негізін қалаушы-ачарйа Шрила Прабһупаданың ұсынысы бойынша, біз Вишну-таттва деп аталатын Құдайдың негізгі аватарларының Жерге келуі Күндерін салтанатты түрде атап өтеміз.
Дәстүрлер мен мерекелер
Бұндай күндері Шрила Прабхупада әдетте сәнді ғибадат, ауқымды киртан, театрландырылған қойылымдар, оқулар, дәрістер және т.б. ұйымдастырды.Ол сондай-ақ осы аватарлардың келу уақытына және қатысушылардың ыңғайлығына сәйкестіріп салтанатты вегетериандық тағам мерекелерінде ұйымдастырды.
Тәңір Кришнаның Келуі Күні, мысалы, біз түн ортасына дейін ораза ұстаймыз және содан кейін Құдайға ұсынылған вегетариандық тағамдарды құрметпен дәмін татамыз. Тәңір Рамачандраның Келуі Күні- Раманавамида біз Тәңірдің Келуі уақытына дейін, түске дейін ораза ұстаймыз. Тәңір Нрисимхадева Келуі Күні біз ымырт түскенше ораза ұстаймыз, өйткені Тәңір адам-арыстан кейпінде Өзінің ғибадаткері Прахладаға осы ымырт кезінде келді. Тәңірдің мәңгілік сүйіктісі, Оның ішкі қуаты Хладини-шакти- Шримати Радхарани Келуі Күні, Радхаштамада түске дейін ораза ұстанады.

Кришна санасы қоғамы қозғалысында біз Құдайға деген сүйіспеншілікті дамытамыз. Біз Оның есімдері, Оның қасиеттері мен іс-әрекетері жайлы Шрила Прабһупададан білдік, сондықтан да Тәңірдің Келуі Күндері біз үшін ерекше маңызды, бұл біздің рухани өміріміз үшін аса маңызды оқиғалар, біз өзімізбен пікірлес адамдар ортасында Құдайдың Киелі есімдерін көбірек әндетуге тырысатын болсақ, сол кезде Құдайды риясыз, шынайы ғибадат ету арқылы қанағаттыруға ұмтыламыз. Мерекелер- Құдайға деген махаббатымызды оятатын, Құдайға ғибадат етуге ынта беретін, өзіміздің рухани тәжірибемізді жақсартуға, Құдай мен ғибадаткерлері арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге шабыт беретін күшті ынталандыру болып табылады.
Шри Кришна Джанмаштами, Баларама Пурнима, Радхаштами, Гаура Пурнима сияқты мереке күндері – біз жоғарыдан ерекше рақым аламыз, ең ұлы рақым. Бұл әсіресе мерекеде қандай да бір қызметпен айналысқан кезде сезіледі. Біз жәй ғана пир жасауға, көкөністерді тазалауға және кесуге көмектесе аламыз. Біз мереке алдында бәрін безендіруге немесе мерекелік іс-шаралардан кейін орындарына келтіруге көмектесе аламыз. Әдетте, мереке күндері белсенді қызмет еткеннен кейін біз бірлескен қызмет пен рухани қарым-қатынастан, рухани эмоциялар мен әсерлерге толы жанымызда үлкен қанағат сезінеміз.

Мереке күндері біз бірігеміз, біз бірге екенімізді, бір отбасымыз екенімізді, бәріміз Тәңір Кришнаның қызметшілеріміз екенімізді және бір мақсатымыз бар – Құдайдың Жоғарғы тұлғасы – Шри Кришнаға риясыз қызметі арқылы Құдайға деген сүйіспеншілікке жету екенін сезінеміз.
Вайшнава үшін әр күн мереке деп айтуға болады. Киелі есімді әндету, храмдағы Құдайдың кейпін көру арқылы, ғибадат етудің өзі қазірдің өзінде бақыт пен қуаныш әкеледі.