ПРАБХУПАДА
5 минут ішінде өмірбаян
1896
Шрила Прабхупада 1 қыркүйекте Калькуттада діни бенгал вайшнавизмінің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі мата сатушысы, оның аты Гур Мохан Де, ал анасы Раджани болатын. Туған кезде оған Абхай есімі берілді - Кришнаның аяғынан қорықпайтын адам.

1916
Шрила Прабһупада Шотландия шіркеулерінің беделді христиан колледжіне оқуға түседі. Колледжде ол ағылшын, санскрит, философия, экономика, батыс мәдениеті мен әдебиеті, Библия және христиан теологиясын оқыды.

1918
Әкесі оны Бенгал ақсүйектері отбасынан шыққан Радһарани Датта есімді қызға үйлендіреді. Олардың бес баласы болды: үш ұл (Прайаг Радж, Матһура Мохан және Вриндаван Чандра) және екі қызы (Сулакшмана мен Бһактилата).

1920
Абһай колледжді бітіреді. Барлық емтихандарды сәтті тапсырып шығады, бірақ Махатма Ганди негізін қалаған Үндістанның ұлт-азаттық қозғалысына қосылып, дипломынан бас тартуға шешім қабылдайды. Гандидің саясаты британшылдықтың барлығынан бас тарту болатын.

1921
Шрила Прабһупада өзінің еңбек жолын фармацевтикалық бизнестен бастады. Алдымен ол әкесінің досының химиялық зертханасына меңгеруші болып жұмысқа орналасады. Екі жылдан кейін Абһай және оның отбасы Аллахабадқа көшіп келіп, ол жерде жеке дәріханасын ашады.

1922
26 жасында Абһай алғаш рет өзінің рухани ұстазы Бһактисиддһанта Сарасватимен кездеседі. Рухани ұстазының ең алдымен оған айтқан сөзі мынау болды: «Сендер оқыған жастарсыңдар. Чайтаньяның ілімін Батыста уағыздағандарың жөн болар еді».

1928
Абһайдың дәріханасына Шрила Бһактисиддһанта Сарасватидің шәкірттері келеді. Ол өз қаласында бөлімше ашуға көмектесуге келіседі және осы кезден бастап ол рухани бауырларымен араласа бастайды.

1933
Абһай Бһактисиддһанта Сарасватиден рухани өмірге арнау алады және оған Абһай Чаранаравинда дас деген рухани есім берілді.

1944
Абһай ағылшын тілінде мерзімді басылым шығара бастайды, оның беттерінде ол вайшнавизмнің қасиетті мәтіндерінің көзқарасы арқылы әлемдік заманауи оқиғаларға түсіндірмелер келтіреді. Ол бұл журналды «Құдайға қайта оралу» («Back to Godhead») деп атады.

1953
Абһай Тәңір Чайтаньяның ілімін бүкіл әлемге уағыздайтын 40 вайшнаваны оқытатын "Ғидабаткерлер Одағын" құруға тырысады, бірақ бір жылдан кейін ол бұл бағыттағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болады.

1954
Абһай Чаранаравинда ванапрастһа лық өмір сүру тәртібін қабылдайды. Бұл отбасылық өмір мен дүние қызығынан бас тартудағы сопылық өмірдің аралық кезеңі болып табылады. Сөйтіп ол отбасынан бөлек өмір сүре бастайды. Келесі 10 жыл бойы ол әртүрлі ғибадатханалар да тұрып келді. Осылайша ол Вайшнавалық әдебиеттерді жариялап, уағыздаушылық қызметпен айналысуын жалғастыра береді.

1959
17 қыркүйекте Абһай өзінің рухани ағасы Бһакти Прагьяна Кешава Госвамиден санньясаға (дүниеден бас тартушылық кезеңіне) арнау алады. Абһайға «Бһактиведанта Свами» деген сопылық есім беріледі.

1965
Жұма күні, 1965 жылдың 13 тамызында, 69 жастағы Шрила Прабһупада Джаладута атты кемеге отырып, Америкаға жол тартты. Өзімен бірге 200 дана үш томдық Шримад-Бһагаватамның аударма жинағы, осы кітаптар мен Батыстағы миссионерлік мақсаттарды сипаттайтын 500 парақша, екі каратала (цимбалдар), шафран киімнің бірнешеуі, жұп аяқ киім, 40 үнді рупиясы (шамамен 7 доллар) , күнделік, қолшатыр және Пенсильванияда тұратын үнді отбасына мінездеме хат болды. Алғаш ында Прабһупада осы отбасының үйінде тұрды.

Бұл сапар 40 күнге созылды. Осы уақыт ішінде Шрила Прабһупада теңіз ауруымен ауырып, екі рет жүрек ұстама сын басынан кешіреді.

17 қыркүйек күні таңғы сағат 5:30-да Джаладута Бостон айлағына келіп тіреледі. Содан кейін кеме Нью-Йоркке бет алады. Нью-Йорктен Шрила Прабһупада Батлерге (Пенсильваниядағы) барады, оны үнді инженері Гопал Агарвалдың отбасы қабылдап алады.

1966
Көктемде Шрила Прабһупада Нью-Йорк қаласының Бауэри ауданында орналасқан шатырдағы шағын бөлмеге көшіп келеді және осы жерде ол жастарға кешкі дәріс берумен уағызын бастайды. Онда оның алғашқы ізбасарлары пайда болады.
Маусым айында Шрила Прабһупада Нью-Йорктің неғұрлым қымбатырақ бөлігіне, Төменгі Шығыс жағына көшіп барады, онда ол Екінші авеню 26 мекенжайында орналасқан алғашқы ғибадатханасын ашады. Ол алғашқыда антиквариат дүкені болған бөлме еді. Маңдайына "Теңдесіз сый"атты тақта қыстырылып, ол осы күнге дейін өзгертілмей келуде.

Оның ізбасарлары хиппилер, жоғарғы шығармашылықтоптар, LSD топтарының жетекшілері және жыныстық революцияның белсенді мүшелері болды.

13 шілдеде Шрила Прабһупада өзінің ISKCON (Кришна санасы халықаралық қоғамы) коммерциялық емес діни ұйымын тіркеді.

9 қыркүйекте Шрила Прабһупада 11 ізбасарын қабылдап, өзінің Батыс шәкірттері үшін алғаш рет рухани өмірге арнау рәсімін өткізеді. Арнау алғандар Харе Кришна мантрасының 16 айналымын қайталауға, мынадай төрт реттеуші қағиданы ұстануға ант береді:

– Ет, балық, жұмыртқа жеуден бас тарту;

– уландырғыш заттарды (алкоголь, темекі, есірткі) қабылдамау;

– құмар ойындарын ойнамау;

– Некесіз жыныстық қатынасқа түспеу.

Сондай-ақ сол жылдың қыркүйек айынан бастап Шрила Прабһупада өзінің ізбасарларымен бірге Нью-Йорк саябақтарында киртаналарды (Харе Кришна мантрасын әндетуді) жүргізе бастайды.


1968
Шрила Прабһупада өзінің отбасылы шәкірттерінің үш жұбын Лондонға жібереді. Соның арқасында басқа құрылықтан алғашқы ғибадатхана ашылады. Олар сол жерде уағыздауда өте үлкен жетістікке жетеді. Негізінен бұл жетістік Шрила Прабһупада ілімімен сусындап және оны жан-жақты қолдаған Битлз тобының мүшелерімен танысуының арқасында мүмкін болды. Әсіресе кейінірек Шрила Прабһупаданың шәкірті болған Джордж Харрисонның көп септігі тиді.

Осы жылы Макмиллан баспасы басып шығарған Бһагавад- Гитаның қысқартылған басылымы жарық көреді.

1970
Күзде Шрила Прабһупада Үндістанға барып, онда Бомбей, Вриндаван және Маяпур қалаларында монументалды ғибадатханалар кешендерін салуды жоспарлады. Ол американдық шәкірттерімен бірге келген еді. Батыстық ерлер мен әйелдердің керісінше үнді мәдениетін қабылдағаны таңғаларлық жағдай болды. Шрила Прабһупаданың жетістігін бүкіл Үндістан мойындады.

Осыдан соң Шрила Прабһупада ғибадатханалар ашуды жалғастырады. Олардың саны көбейген үстіне көбейе береді.
Прабһупада басқарушылық қызметтен аздап алшақтау керектігін түсінеді, сол себептен 28 шілдеде ISKCON алқалық басқару органын, Басқарушы кеңес комиссиясын (GBC) құрады.

1971
20 маусымда Шрила Прабһупада Мәскеуге келеді. КСРО астанасында 5 күн болады. Ол жерде ол бһакти- йоганың рухани ғылымына шын жүректен қызығушылық танытқан бір ғана жас кеңестік жігітті кездестіре алды. Шрила Прабһупада оған барлық білімін береді. Осының өзі кейінірек ISKCON орталықтарының бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің барлық ірі қалаларында пайда болуы үшін жеткілікті болды.

1972
Макмиллан баспасы басып шығарған Бһагавад-гитаның толық басылымы жарық көреді және 29 мамырда Бһактиведанта (Bhaktivedanta Book Trust) кітап баспасы құрылады, онда Шрила Прабһупада өз кітаптарын басып шығарып отырды және осы күнге дейін кітаптар басып шығарылуда.

1977
14 қарашада алты ай бойы созылған аурудан кейін Шрила Прабһупада Вриндаванадағы Кришна- Баларам Мандир ғибадатханасында шәкірттерінің ортасында денесін тастайды.

Брахма-Ваиварта Пуранада сипатталған болжамдар
Брахма-Ваиварта Пурананың соңында (4.129.49-51) Ганга ана мен Тәңір Шри Кришна арасындағы сұхбат сипатталған. Брахма-Ваиварта Пурананың төртінші бөлігі «Кришна Джанма Кһанда» деп аталады. 129-тарау «Голокароханам» деп аталады. Шри Кришнаның Жердегі трансцендентті ойындары аяқталған кезде, Ганга Деви Дваракаға келіп, барлық қасиетті өзендердің атынан жақын арада Жаратқан Иеміздің рухани әлемге кетуі туралы секемденуін білдірген.
1

Tекст 49

bhagarathy uvaca he natha ramanashreshtha

yasi golokamuttamam asmakam ka gatishcatra

bhavishyati kalau yuge

Ганга айтты: Уа, қорғаушым, Жоғарғы ләззаттанушы, Сен, өмірдің ең әдемі орны Голокаға кеткеннен кейін, біздің Кали заманындағы жағдайымыз қандай болмақ?

2

Tекст 50

sri-bhagavan uvaca kaleh pancasahasrani

varshani tishtha bhutale papani papino yani

tubhyam dasyanti snanatah


Күлімсіреп Тәңір жауап қатты: Жер бетінде 5000 жыл бойы күнәға толы Кали заманы болады, күнәһарлар шомыла отырып барлық күнәларын
Саған тастайды.
3

Tекст 51

man-mantropasakasparshad bhasmibhutani tatkshanat

bhavishyanti darsanacca snanadeva hi jahnavi

Уа, Джахнави, Менің мантра-упасака (Киелі есімге ғибадат ететін) ғибадаткерім келеді, оның саған көрінісімен, жанасуымен және шомылуымен барлық сендегі жиналған күнәлар жанып кетеді.

4

Tекст 52

harernamani yatraiva puranani bhavanti hi

tatra gatva savadhanam abhih sarddham ca shroshyasi

Онда олар Харидің есімдерін әндетіп, Пурананы (Бһагаватаны) оқитын болады. Осы жерге жеткенде мұқият тыңдаңыз.
5

Tекст 53

purana shravanaccaiva harernamanukirtanat

bhasmibhutani papani brahma-hatyadikani ca

Брахманды өлтіруді қоса алғанда барлық күнә салдарын Бһагавата Пурананы тыңдау және Хари есімдерін ғибадаткерлік көңіл-күйімен әндету арқылы жоюға болады.

6

Tекст 54

bhasmibhutani tanyeva vaishnavalinganena ca

trinani shushkakashthani dahanti pavako yatha

Оттың құрғақ шөпті өртеп жіберетіні сияқты, Менің ғибадаткерлерімнің жанасуымен барлық күнәлар жойылып кетеді.
7

Tекст 55

tathapi vaishnava loke papani papinamapi

prithivyam yani tirthani punyanyapi ca jahnavi

Уа, Ганга, күнәға толы жер болса да, Менің ғибадаткерлерім болған жер бүкіл ғаламшарлық зиярат орнына айналады.

8

Tекст 56

madbhaktanam sharireshu santi puteshu samtatam

madbhaktapadarajasa sadyah puta vasundhara

Менің ғибадаткерлерімнің денелері тазартушы болып саналады. Жер-ана Менің ғибадаткерлерімнің табанындағы тозаңы арқылы тазарып отырады.
9

Tекст 57

sadyah putani tirthani sadyah putam jagattatha

manmantropasaka vipra ye maducchishtabhojinah

Бұл қажылық орындарымен бүкіл әлемге қатысты болады. Менің асымның сарқытын жейтін мантра -упасака бәрін тазартады.


(Алғашқы шам сияқты, мантра-упасака Шрила Прабһупада көптеген жаңа мантра-упасакаларын жақты және болашақта олар көбейеді бермек.)

10

Tекст 58

mameva nityam dhyayante te mat pranadhikah priyah

tadupasparshamatrena puto vayushca pavakah

Олар Маған өмірімнен де қымбат, олар күнделікті тек Мен туралы ғана ойлайды. Ауа мен от олармен жәй ғана жанама жанасумен-ақ тазарады.
11

Tекст 59

kaler dasha-sahasrani madbhaktah santi bhu-tale

ekavarna bhavishyanti madbhakteshu gateshu ca

Кали иугадағы 10 000 жыл бойы бүкіл ғаламшар Менің осындай ғибадаткерлеріммен толады. Менің ғибадаткерлерім арқылы әлем біртұтас, экаварнаға айналады (адамдар Жаратқан Иенің адал қызметшілеріне айналады).

12

Tекст 60

madbhaktashunya prithivi kaligrasta bhavishyati

etasminnantare tatra krishnadehadvinirgatah

Менің ғибадаткерлерімнен айырылған Жерді қайтадан Кали бұғаулайды. Осыны айтты да Кришна кете берді.